Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  90


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қысқы кеш

Өтсін қалай бекер күн,
Қыстың да бар түспесі.
Табиғаты мекеннің,
Маған ыстық қыс кеші.
Пері қызы аспанның,
Жерге жаққан іиі қар.
Шайқап-шайқап бастарын,
Қайтты ауылға сиырлар.
Түйеші жүр сабылып,
Өрісінде бұталы.
Жолда бура шабынып,
Жолаушыға ұшады.
Торпағын бала жетелеп,
Басады қолын құлаққа.
Суатта қызды жекелеп,
Жігіт тұр мініп құр атқа.
Жолаушы үйге таяған,
Қағады қырау жағаны.
Алмайды басын маядан,
Жабулы бота, жабағы.
Жайғастырып түлігін,
Оралар деп ағаң да.
Жеңгем соғым жілігін,
Салып жатты қазанға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу