Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  63


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Отарда

Боран ғой бұл қос жығар,
Болмасын деп мал шығын.
Аралап жүр басшылар,
Табындарын малшының.
Күйзеледі енді мал,
Қар қатыпты қасат боп.
Машиналар сигнал,
Беріп келед апат деп.
Жем тасылып жетті ме,
Жайылымың қаншалық?
Көліктерің етті ме,
Іш тастады шарсаулық.
Жауап қысқа, тіл безеп,
Кетпесін деп қой ығып.
Шолды маңды бір кезек,
Шопан жігіт қою мұрт.
Мұзбалаққа (жас қыран),
Қош айтыстық «сау тұр» деп.
Алты қырдың астынан,
Ит үреді əупілдеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу