Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  99


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Аюалған

Бабамыз төрт түліктің жайыменен,
Қоныстас болып өткен аюменен.
Аюлар біреуінің тайын көміп,
Қорадан біреуінің қойын жеген.
Ауылға шапқанда аю құлақ тұнған,
Өкіріп сиыр біткен бір-ақ тұрған.
Иттерге абалаған, шамкөс тағы –
Балапан қарағайларды лақтырған.
Əжеміз аңқылдаған аңқау адам,
Жыртқышты екі көзі қанталаған.
Сартоқал өгізі деп көршіміздің,
Қараңғыда бастапта байқамаған.
Бұзаулар өкіргенде желіні үзіп,
Əжеміз де шоқпарын кепті үйіріп.
Мал ашуы болған соң, жан ашуы,
Қорқырап құлапты аю белі үзіліп.
Тау жаңғырып шулапты қою орман,
Дауысынан жыртқыштың қолды болған.
Əжеміз содан бастап «Аю апам»
Аталыпты бұл өңір Аюалған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу