Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  96


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Қоскеліншек

Бардың ба Қоскеліншекке ауылдасым?
Көрдің бе ұлы таудың қарлы басын?!
Жатыр-ау, мəре-сəре не қыласың,
Отауында бар ма екен даң құрдасың.
Ақадыр, арасы еді екі белдің,
Қонысы құдандалы екі елдің.
Бабалар Қоскеліншек деп атаған,
Түсіріп осы жұртта екі келін.
Мүмкін, ол сенің апаң, менің апам,
(Мен оған еш күмəнсіз сенім артам).
Қос келіншек:
келіпті деп қос қоңырым,
Желегін желпілдетер көріне алсаң.
Бірақ, біз қалалық боп маубастанған,
Ұмыттық Қоскеліншекті тау жастанған.
Ол жақтан базаршылап келгендер көп,
Кезіксең ағайыннан «дау» басталған.
Кеткен жоқ Қоскеліншек əлемі өтіп,
Кигені көксауырлы əдемі етік.
Сақалы белуардан қарттар өтсе,
Иіліп тұрады екен сəлем етіп.
«Қоскеліншек» күйін шертіп баяғының,
Түн болса шырқайды екен дала жырын.
Ауылдас, барайықшы Қоскеліншекке,
Жүрме екен қасында ойнап балалығым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу