👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  27


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Көне жұрт

Бабадан қалды ма деп бірер белгі,
Қараймын көне жұртқа күрең белді.
Осында қыз ұзатып, келін түсіп,
Қаншама жасады екен тілеулерді.
Айрылып арысынан тауы қайтып,
Қаншалық ас берді екен сауын айтып.
Айналып жан көршіге алаштары,
Көшті екен қанша ағайын назын айтып.
Жер дауы, жесір дауы топқа бөліп,
Тентегін тынды ма екен сотқа беріп?
Ел іші барымта боп, жарғы жазып,
Қаншама қосылды екен жоқтау келіп.
Бір кезде болмаған деп, елде бірлік,
Мен оны тектемеймін желге мініп
Бəрін де дала заңы жөнге салып,
Айтыпты елге билік, жерге билік.
Биі де, батыры да қол бастаған,
Ат кекілін қиысып жауласпаған.
Ағайынның арадағы араздығы,
Бел асса да бекініп тау аспаған.
Содан болар ізі жоқ алалықтың,
Қуанышы бар, мұңы бар далалықтың.
Жұртына кеп жылына бір аунаймын,
Қасиеті жұқсын деп даналықтың.
Қара орманға айналып бір бұтағы,
Рулы елге айналған бір ұрпағы.
Иісі келіп тұрсын деп көне жұрттан,
Аулама ектім əкеліп бір бұтаны.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы