Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  242


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Табиғат -ана

Табиғат – ана!
Сенсіз менің күнім жоқ,
Жүрегімде тұршы мəңгі діріл боп.
Кешірме, егер ақ толқын боп ақпасам,
Бұтағыңда сайрамасам бұлбұл боп.
Өйткені мен бəрін сенен алғанмын,
Өзіңнің тек бергеніңді малдандым.
Қызыл көзді саудагері емеспін,
Жасап жатқан ала-құла жалғанның.
Артық-кемін есептеспей қулардың,
Қашан көрсем бір қалыпта тұрғаның.
Қара арғымақ астыңдағы арыпты,
Бұрынғыдай сəулетті емес тұрманың.
Ғазиз ана, оңбас сені жүдеткен,
Жалғайыншы, барма үзілген клеткаң.
Сенің егер сырқыраса бір мүшең,
Маған-дағы шығады екен бір бөрткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу