Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.06.2022
98
Ертіс бойы - қарғатал
Мен өмірге келген жер,
Ертіс бойы – Қарғатал.
Айтад бəрін көргендер,
Аппақ ана, қара шал.
Болған десед бір қызық,
Құй сен оған, құй сенбе!
Оның өзі ризық,
Оның өзі нұр сəуле.
Мен туғанда талтүсте,
Бір апайым қуанып.
Жүгіріпті Ертіске,
Əкелмек боп су алып.
Қорқыпты апай: бұл жолы
Кетерме Ертіс бөктеріп.
Тартты сазан тым долы,
Шелегіне кептеліп.
Ырымдапты ауыл боп,
Баспанадан бастап əн.
Келіпті Алтай, Сауыр боп,
Туды деп бір Жастабан.
Суретіне кешенің,
Ақ айдынын айна ғып;
Ертіс барсам кетемін,
Ұлы тауға айналып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter