Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  197


Автор: Бəйтік Дүйсебаев

Туған далам

Тауларын кемпірқосақ басқұрлаған,
Басынан ұлар шулап, тас құлаған.
Туырлықтай болғанмен туған далам,
Он сегіз мың ғаламнан бас құраған.
Осы де сері мекен, сетер мекен,
Мен үшін қуаныш та, шері бөтен.
Адам ата, Хауана қуаланған,
Бейіші, туған жерге жетер ме екен?
Көзіме басылады шоқтай далам,
Жатыр ма қасірет желі соқпай аман.
Бір барсам ұшқан құсын, жортқан аңын,
Түсіне қарап тұрып жоқтай алам.
Өйткені, мен солардың жерлесімін,
Қарсы ұстап келе жатқан желге туын.
Бөрі болсақ боламыз бір апаннан,
Бізге ортақ ауа, су, жер бесігім.
Делебесі онсыз да қозама ақын,
Бəйгеде бапсыз қосқан озады атым.
Даламның бетегелі беті күміс,
Тотықұстай толқыса тозаңы алтын.
Тауларын кемпірқосақ басқұрлаған,
Он сегіз мың ғаламнан бас құраған.
Мен не болсам болайын, Сен аман бол,
Қобыз көңіл, жанары жасты далам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу