Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  104


Автор: Азамат Тасқараұлы

Күздің мұңы тыраулап, музам жайлы ой басым

Күздің мұңы тыраулап, музам жайлы
ой басым,
Жүрегімнің көзінен сорғалаған
жауындай.
Сөз сейіліп қоймасын,
Мұқым ішке бойласын,
Алакеуім күрсінген менің
Қалба тауымдай.
Қара маған, жалғыздық!
Үнсіздігім, көз қада!
Ол кеткесін өмірім – түтіні өшкен
ауылдай.
Есалаң жел,
Дертімді еміс-еміс қозғама.
Жапырақпен би билеу қайбір ұнап
жүр дейсің?
Сөніп бара жатқан шоқ, шоғымды
әнтек үрлейсің,
Сөнген шоқтың естелік екенін де
білмейсің.
Көтерткізіп жағамды, көшемді түн
жайласын,
Жиі айтатын боп алдым Күзге өкпе,
Айға сын.
Жапырақпен би билеу қайбір ұнап
жүр дейсің,
Кірпігіме қонсашы,
Көбелегім, қайдасың?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу