Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  106


Автор: Мақсат Әлсейітов

Шаттығымды, күлкімді жоғалттым мен...

Шаттығымды, күлкімді жоғалттым мен,
Ұмытыппын солардың не екенін де.
Жастығыма жантайып түн ішінде,
Сағыныштың кетемін жетегінде.
Сұрағым бар өзіңе қаратылған,
Секундсайын аңсаймын неге сені?!
Бұл жүректің сен үшін жаратылған,
Қалай болар білмеймін келешегі.
Түн жамылып отырмын,мұң жамылып,
Бір бөлмеде бір өзім оңашамын,
Күн-көзіңді жүрегім тұр сағынып,
Онсыз түнек-ғұмырда адасамын.
Күндіз болса жүремін келісе алмай,
Маңайдағы аз ғана ортаменен.
Бимаза ой қинайды мені сондай,
Күнсіз-сенсіз қалудан қорқа берем.
Ертеңімміз біздердің нұр шашады,
Тек тезірек келсе екен қосылар күн.
Сонда мені қамаған түн қашады,
Ақ таңымды сағындым тосып әр күн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу