Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  133


Автор: Мақсат Әлсейітов

Бабалардың рухы елдің шетін күзетер...

Бабалардың рухы елдің шетін күзетер,
Жалбарынып тәңірге.
Ел шетіне кетті олар тәнін тастап қабірге,
Сен соларға демеу бол жан барында тәніңде,
Жан бабамның рухы қалжыралы-ау тынымсыз,
Қарсы тұрып кәуірге,
Кел, бауырым, біздер де ел шетіне барайық
Құрық ұстап кірейік анталаған тұс-тұстан,
Барымташы дәуірге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу