Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  75


Автор: Мақсат Әлсейітов

Қалқаға хат

Сен күткен жоқсың хат менен,
Жүрген де жоқсың алаң боп.
Өртеген махаббатпенен,
Жазбасқа бірақ шарам жоқ.
Сол кешкі сәттер бәрі есте,
Өзіңмен бірер билеген.
Тәрізді дәл бір нәресте,
Жабырқап қайттым үйге мен.
Сахарада қалған жандайын,
Достыққа жаным шөлдеді.
Көріндің маған әрдайым,
Мөлдірлік болып көлдегі.
Сен жүрсің білім шыңында,
Мен жүрмін әлі етекте.
Мансапқа, құрбым, ұрынба,
Қияға мені жетекте.
Көңіліңді сенің бұруға,
Әдейі жазған жоқпын жыр.
Шынайы достық құруға,
Ақ ниетпен төктім жыр.
Құдіретті асыл өлеңді,
Жалған сөзбенен қорламан.
Өксітпей мені Сен енді,
Өмірлік досым бол маған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу