Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  65


Автор: Мақсат Әлсейітов

Құм желінің әуезі әннен мың артық...

Құм желінің әуезі әннен мың артық,
Көктем сайын тыңдап жүрмін құмартып.
«Нексия» дөңгелегінен ескен жасанды желге,
Үңілмеші сілекейіңді шұбалтып.
Көк асфальттан безіп шығып, кешіп құм,
Көктем сайын жел әуенін есіттім.
Естідім де еске түсіп қайдағым,
Басқа әуенге құлағымды бекіттім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу