Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  106


Автор: Мақсат Әлсейітов

Қанаты толқын-толқын құмды сызып...

Қанаты толқын-толқын құмды сызып,
Қаңбақты бүркіт боп жел бүрді қысып.
«Дүр-р» етті де «жалп» етті бір топ торғай?
Кеткендей құрым үйдің түндігі ұшып.
Топ торғай зікір салып, зар жыланды,
Аластап һәр бұтақтан әбжыланды,
Сиынып Самұрықтың әруағына,
Келетін кесапаттың алдын алды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу