Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  109


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Қайтқан құстың қанатына қонақтап...

Қайтқан құстың қанатына қонақтап,
Ағып өткен айдынында жолақ қап.
Мұңын шертіп жүрегіме жаралы,
Сағынышым тынышымды алады.
Сайын дала жусаннан гүл тағынған,
Қол созады бусанған құр сағымға.
Мен сияқты күтеді ол да аңсарын,
Тамшы бақыт тілейді ол да тамсанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу