Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  104


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Самғатып қиял қанатын,

Самғатып қиял қанатын,
Жұлдыздар жымың қағатын.
Аспанға талай үңiлгем,
Түңiлгем…
Күтiп сағатын.
Бұл қандай ғажап,
Нұр қандай,
Қол созым жерде тұрғандай!
Ұстамақ болып ұмтылғам,
Жұлқынғам жасын ұрғандай.
Жетпедi қолым бiрақ та,
Жеткенмен Пегас-пыраққа.
Құдайдан қанат сұрағам,
Жылағам жалғыз жырақта.
…Қайтейiн, əттең,
Балалық,
Жол тартты сенен даналық.
Тордағы құстай қиялы,
Зиялы болдық қалалық.
Əлi де арман көп менде,
Əлi де қанат жоқ менде…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу