Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  106


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Тоқпақ жалды торы айғыр тарпына ма...

Тоқпақ жалды торы айғыр тарпына ма,
Ауыздықпен алысып,
Алқына ма?!
Делебесiн қоздырып тұр ма, əлде,
Сайын дала,
Көкте күн жарқыраған?!
Ұнжырғасын ездi ме ұйқы, мына,
Намысына тидi ме сиқы, мына?
Тоса ма, əлде, тағатсыз…
Шабандоздың,
Ұран сөзiн қосылар қиқуына?!
Əр аттаған адымын шалып,
Сынап,
Аздырды ма аруағын алып сынақ?!
Жер апшысын қуырған –
Жануар-ай,
Желден озбай жүдеуден жалықты ма?!
Арғымақтың арманды жалғауы шын,
Мұраттың да аңсаған талғауы – сын.
Жаратылған хас жүйрiк
Арындап бiр,
Сар далада сағым боп самғау үшiн!
Жүгiргенде…
Ешқашан қалмау үшiн!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу