Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  149


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Азаматтық – ұлы сын....

Азаматтық – ұлы сын,
Одан өтсең iрiсiң.
Ағайынның естiген,
Жүректерi жылысын.
Бауыр болу – ұлы сын,
Сол бауырдың бiрiсiң:
Iнi тапса ағасын,
Аға iздесе iнiсiн.
Жолдас болу – ұлы сын,
Болса-дағы кiм үшiн.
Өнегесi өмiрдiң –
Сыйлағанның құлысың.
Сүйе бiлу – ұлы сын,
Тiршiлiктiң тынысы.
Жан жарыңның қабағы,
Жадыратқан түн iшiн.
Отаншылдық – ұлы сын,
Ар-намысың – бұл iсiң.
Опасыздың бақыты
Бақыт емес,
Құрысын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу