Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  139


Автор: Қадыр Әлімқұлов

11-монолог

Талпындым,
Ұқтым сазды сырыңды,
Соққан соң бiрге қос жүрек.
Сəукеле киген назды жырыңды
Тапсырғам түнге бос жүдеп…
Таң атты ендi алдан арайлы,
Жайнаймыз гүл боп əлi бiз.
Сəуле боп сезiм қанға тарады,
Мəңгiлiк бiрге жанымыз!
Шаршадың əбден,
Бiлем – шалдықтың,
Сарсаңға түстiң сансырап.
Жаныңнан сенiң ұқсас хəлдi ұқтым,
Айықтым мен де…
Қансырап.
Ендiгi əр сəт – бiздiң еншiмiз,
Шаттықтан шырын ұсынған.
Сене гөр, жаным,
Сеншi бiз –
Өтемiз аман бұ сыннан!
Мың алғыс, саған,
Сүйгенiң үшiн,
Сезiмiң үшiн селдеген.
Көңiлiм құшқан күйдегi мүсiн,
Өзiңе ғана шөлдегем!
Таң атты ендi алдан арайлы,
Жайнаймыз гүл боп əлi бiз.
Сəуле боп сезiм қанға тарады,
Мəңгiлiк бiрге жанымыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу