Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  116


Автор: Қадыр Әлімқұлов

10-монолог

Қалжыраумен сағына да сағына,
Көз iлiп ем,
Сiздi ойлап тағы да.
Жалын-тыныс,
Тегеурiндi от құшақ,
Алды оятып…
Қарып түскен шоқ құсап.
Сiздi бiрақ…
Көре алмаймын мүсiндеп,
Дал боламын:
Өңiм бе,
Əлде түсiм бе?
Тек бал сезiм бейнеңiздi төндiрiп,
Ынтығады ырқыңызға көндiрiп.
Абайсызда батқандай-ақ айыпқа,
Жан-жағыма қарап едiм байыптап:
Жұмыр саннан,
Тоқ балтырдан тайғанап,
Ай сəулесi…
Жатыр екен аймалап.
Оның несiн жатам ендi…
Тiзбелеп,
Сол сəуленi мен де құштым…
Сiз бе деп.
Ұмтылады екi ерiн аңсаған,
Бұлқынады шуақ болып самсаған.
Қарағанда икемдеп ап басымды,
Тарағанда саусағыңыз шашымды,
Жанартау дем тамағымды өпкенде,
Дүр жандым мен,
Бүр жардым мен көктемдей.
Қайтарардай қашанғы бiр өшiмдi,
Тағат таппай сығымдайсыз төсiмдi.
Сағындырған,
Табындырған Тəңiрiм,
Не десең де…
Орындалмақ əмiрiң!
Əрiректе…
Дүлей дабыл қағасыз,
Қағасыз да…
Қылығымды бағасыз!
Содан кейiн…
Жұлдыз болып ағасыз,
Таңдайыма тамшы бал боп тамасыз.
Бүкiл тəнiм күйiп-жанып,
Желiккен,
Маған мəлiм:
Ненi iздейдi,
Нелiктен?..
Қалшылдаймын қара терге малынып,
«Сүйшi!» деймiн,
«Қысшы!» деймiн жалынып.
Апайтөспен езген сайын ынтығып,
Бауырыңызға ене түсем тұншығып,
Ыңырсимын…
Қыңсылаған қаншықтай,
Талып кетiп…
Тiрiлемiн,
Жан шықпай.
Қан сорпа ғып,
Нəпсiлердi қосақтап,
Ұшыр көкке,
Құшағыңнан босатпа!
Жата берем:
Өлiп-өшiп,
Талықсып,
Мұңды ұйытқан,
Тұңғиықтан – алып шық!
Ай дөңгелеп…
Жұмыртқадай ашылған,
Бүкiл денем салмағыңнан жаншылған!
«Не iстей алам?
Менi босқа сөкпе…» деп,
Жұмарланған көрпе жатыр өкпелеп…
Жаншығанда тұла бойды езiп бiр,
Бойыңыздан бұла күштi сезiп, құр,
Көздi жұмып,
Сезiм тұнып жаттым мен,
Бас айналды,
Тiл байланды,
Таптым ем!
Сыр сандықты ашып қапсыз…
Күл, мейлiң,
Əлде, өзiм аштым ба екем…
Бiлмеймiн?!.
Бар қазынам – бiр Сiздiкi,
Алыңыз!
Тұмарым боп,
Құмарым боп қалыңыз!
Төсек-қақпан,
Түн бiр түрме… шырмаған,
Күндерiмдi,
Гүлдерiмдi ұрлаған.
Жансам – су боп,
Жылытатын – мұздасам,
Тозағымнан құтқарасыз Сiз қашан?!
Арпалыстан əл дəрменiм таусылып,
Сiздiң күштi құшағыңыз қаусырып,
Ертегiлер елiне еркiн енiп ем,
Түсiм емес,
Өңiм ғой деп сенiп ем.
Қиялымды, Жаным, сөйтiп…
Қорек қып,
Шаршап қалдым,
Сансырадым,
Өрекпiп.
…Бар бiлерiм – тəттi ұйқыға батқаным,
Ауып кеткен Ай сəулесiн таппадым…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу