Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  99


Автор: Қадыр Әлімқұлов

4-монолог

Алыс кеттi сүйген жаным
мұңға малып əнiмдi,
Содан берi шыбын жаным
таба алмай жүр тəнiмдi.
Көздiң жасын көлдетемiн,
селдетемiн оңаша –
Шемен шердi шөлдетемiн
«Қайтаршы, – деп – сəнiмдi».
Сезiмiме сəуле құйып,
көңiлiмдi шайқаған,
Күнiм менiң, əнiме ұйып
оралар ма қайтадан?
Сөзiн ести алмаған соң,
қалмаған соң амалым –
Өзiн аңсап талмаған соң,
қайғы жұтып… жəй табам.
О, Тəңiрiм, табалама,
аз ба едi азабым?
О, Тағдырым, қаралама,
ар алдында тазамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу