Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  97


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Жағасы көлдiң...

Жағасы көлдiң,
Сырт едi,
Өңiрге iңiр қонақтап,
Толқынды толқын түртедi,
Айдынның төсiн жолақтап.
Шағала керiп қанатын,
Шалқардың көгiн шайқаған.
Қарасаң көзiң талатын,
Шетсiз де шексiз…
Байтақ əн.
Сұлу да сазды үйлесiм,
Жетелер ойды желкендi.
Мен тұрмын алуан күй кешiп,
Ерiксiз еске ап еркемдi.
Кеудесi көлдiң тұңғиық,
Ол да бiр ойға батады.
Желiктi жанға мұң құйып,
Кiм оны ойлап жатады?
Берiлер бағаң сыртыңнан,
Əркiмге қайда тай мүсiн?
Кiм көрер iштi нұр тұнған,
Көлдiң де сол ма қайғысы?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу