Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  85


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Əн салып қыр...

Əн салып қыр,
Дүние тамсанып тұр.
Келбетiнен көктемнiң көзiн алмай,
Жұлқынады жүрегiм жар салып бiр.
Нұр тұнады,
Тiршiлiк құлпырады,
Қыс көрпесiн Жер-ару сырып тастап,
Көк төсiне бал құрақ ұмтылады.
Тербеледi,
Көк өскiн кермедегi,
Ыстық демiн көктемнiң сезген тұста,
Сала берер құлпырып жер бедерi.
Қайнап өмiр,
Кетедi жайнап өңiр,
Көктем келiп, жаңа жыл есiк ашты,
Жылы бiр жел желпидi майда қоңыр,
Армандарға жетелер,
Қайнап өмiр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу