Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  108


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Аңсатқан асыл арманым...

Аңсатқан асыл арманым,
Өңірің ашылар ма бір,
Көңілім басылар ма бір,
Шаттығым шашылар ма бір,
Аңсатқан асыл арманым?!
Бойымды билеп,
Арбадың,
Ойымды илеп,
Алдадың;
Қаншама ауа қармадым,
Жүгініске де бармадым,
Соңыңнан бірақ қалмадым,
Алдадың-дағы,
Арбадың.
Үміттің жібін жалғадым,
Іздеуден сені талмадым.
Ұқсам да бəрі жалғанын,
Аяқ та тарта алмадым,
Көтердім басқа салғанын,
Үміттің жібін жалғадым.
…Сен болсаң,
Сен де ықпадың,
Келді ме екен құптағың?
Алдымнан-дағы шықпадың,
Сенімді əсте жықпадың,
Сезімді пəстеу…
Ұқпадың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу