Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  88


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Сенен ескен қоңыр самал түлетiп....

Сенен ескен қоңыр самал түлетiп,
Жеткенiнше айлар өтiп,
Жыл өтiп,
Ақын ұлың Астанада жүр аңсап,
Сарыөзегiн,
Кербұлағын жыр етiп!
Кербұлағым,
Мен ұланың сағынған,
Сағыныштан жанарға жас тағынған.
Туған жердiң əр түп шөбiн,
Əр тасын,
Шығара алмай шамырқанған жадымнан.
Өзендерiң,
Кезеңдерiң көсiлген,
Ойға оралып көңiлiмдi өсiрген.
Дəуiр өтер,
Ғасыр жетер жөңкiлiп,
Ешқашан да əз атыңды өшiрмен!
Сенен ескен қоңыр самал түлетiп,
Жеткенiнше айлар өтiп,
Жыл өтiп,
Қадыр ақын Астанада жүр аңсап,
Сарыөзегiн,
Кербұлағын жыр етiп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу