Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  83


Автор: Болат Жетекбай

Гүлзарға меңзер

Кім айға, ажарыңды кім гүлнарға меңзер,
Жүзіңнің нұры шын гүлзарға меңзер.
Беттің ұшы жәннаттың хандан гүліндей,
Алғашқы жауған ақша қарға меңзер.
Дидарың Алла-рахманның салған суреті,
Кім айға, кім гүлге – рухсарға меңзер.
Сүзілген көздерің сондай сау-саламат,
Телміріп қарауым – дертті-зарға меңзер.
Шашың буйы-Мәсиханың деміндей,
Беймаза теңізде толқынға меңзер.
Күн ғой, о, раббы, ғашықтың жамалы,
Кей кеші нұрлы таң – энварға меңзер.
Саған теңдес әлемде жоқ қой тірі жан,
Мүмкін біреу аспанда Айға меңзер?!
Төгілсе шаштарың, түйсіксіз не білсін,
Әр тасбихы оның зүннарға меңзер.
Шаншылған кірпігің бүліктің басы,
Ал, көздерің бәлкім айярға меңзер.
Кел, сопым, мұндай сиқырға қылар не дәрмен бар,
Мұсаның асасы мараға меңзер...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу