31.05.2022
  93


Автор: Ескен Елубаев

АҢҚАУ

Күресiп бiз
Жатыр едiк,
«Ал қайсымыз
Күштiмiз!» – деп,
Өттi осы кез
Жақын келiп
Бiр самолет
Үстiмiзден.
Барлығымыз
Қарап көкке,
Қолды сермеп,
Айқайладық.
СССР-деп
Самолетке
Жазылғанын
Байқап қалдық.
Ортамызда
Тұра қалып,
Бiр аңқаудың
Сұрағаны.
Желкесiн ол
Қасып қойды:
– Жазуды кiм
Жазып қойды?
– Кiм жазушы ед,
Не дегенiң,
Жазды өзiңдей
Адам оны!
– Самолетке


Төбедегi
Дедi ол: – Жеткен
Қалай қолы?!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу