31.05.2022
  112


Автор: Ескен Елубаев

ШАТАҚ

Тұра салып төсектен,
Жанжалдасты Есеп кеп.
– Сен алдың, – деп, – ақшамды,
Бiрден маған бас салды.
– Түзу ме есiң, ақылың,
Қайдағы ақша ол, батырым?
– Жасырғанмын жастыққа.
– Жөнiңдi айтшы,
Аптықпа.
– Үш сом берген, жаңа атам,
Жоқ қой қазiр, соны айтам.
– Қашан бердi?
– Түсiмде.
... Не дерсiң бұл iсiне.
– Ол түсiң,
Бұл өңiң ғой!..
Өң мен түстi бiлмейтiн
Мынауың бiр керiм ғой.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу