31.05.2022
  99


Автор: Ескен Елубаев

КЕШКI СУРЕТ

Атасы айтты: – Қарғам, – деп.
Жiгiт болып қалған, – деп.
Кем болмайды қайткенде
Əке тiлiн алған, – деп.
Қазiр бəрi – бiлiмде,
Жаман болмас күйiң де, –


Баласынан айналып
Сыймай отыр үйiнде.
Апасы айтты: – Күнiм, – деп.
Адам бопты бүгiн, – деп.
Кiтап бетiн ашпайтын,
Түзетiптi мiнiн, – деп.
«Оқып отыр сабағын» –
Дейдi ата-ана «Қарағым».
Емiренген баланың
Сықпытына қарағын:
Бiр кiтапты парақтап,
Əр бетiне қарап қап,
Мақтағанға əспенсiп
Бала отыр алақтап.
Бала отыр тектен-тек,
Мақтау оған жеткен жоқ.
– Бiр сом тығып қойып ем,
Қайда ұшып кеткен? – деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу