31.05.2022
  187


Автор: Ескен Елубаев

НЕ БЕЛГIЛI, НЕ БЕЛГIСIЗ?

Сиыр кетсе табынға,
Сүт əкелер –
белгiлi.
Ел кетсе шөп-шабынға,
Шөп əкелер –
белгiлi.
Ара кетсе бауларға,
Бал əкелер –
белгiлi.
Ағаш тiксең аулаға,
Алма берер –
белгiлi.
Бүгiн күннiң қалайда,
Бататыны –
белгiлi.
Ертең таңның алайда,
Ататыны –
белгiлi.
Қайсын тiзiп жатасың,
Талай нəрсе –
белгiлi.
Бiрақ несiн айтасың,
Белгiсiзi ендiгi:
Жұмсай қалған заматта
Тiл алары – белгiсiз.
Сақан кетсе сабаққа,
Не алары –
белгiсiз?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу