31.05.2022
  203


Автор: Ескен Елубаев

ЖАҚСЫ КӨРСЕҢ АПАҢДЫ

Кейде сұрай қаласың,
Балалардан бiлгiң кеп;
– Жақсы көрер анасын
Қайсы бала,
Ол кiм? – деп.
Тыңдар болсаң өздерi,
«Менмiн ғой» – деп, айтады.
Iсi менен сөздерi
Қиыспай-ақ жатады.
Өзiм айтсам бiлемiн,
Асан деймiн бiреуi,
Өйткенi оны үнемi,
Халық мақтап жүредi.
Жақсы көрген ананы
Бала болар Асандай.
Күнде «бестiк» алады,
Оқуынан бас алмай.
Ұстазынан, қарашы,
Күнде мақтау естiр көп.


Жақсы көрген анасын
Бала мiне, өстiр деп.
Жақсы көрсең, айтайын;
Сөгiс естiп тұрмасын.
Сен туралы əрдайым
Анаң мақтау тыңдасын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу