31.05.2022
  90


Автор: Ескен Елубаев

ҚУЛЫҚ

Ала сиыр желiндеп,
Туатын күн тақады.
Атам оны ерiнбей,
Көрiп келiп жатады.
Бұзауына сыз өтiп
Қала ма деп қорқады.
Көзiн iлмей күзетiп,
Атады оның əр таңы.
Сиыр сөйтiп бiр күнi
Бұзау тапты балықтай.
Өзi тiптен сүйкiмдi
Қарай бердiк жалықпай.
Киiз таңып тастадық,
Арқасына тоңар деп,
Сүтке тоя бастадық,
Көршiлер де алар кеп.
Апам сиыр сауатын,
Мен «бұзауды салатын».
«Тарт!» дегенде бұзауды
«Əлiм жетпей» қалатын.
«Емсiн» деген сырымды
Апам сезiп қалатын


Жақтырмастан мұнымды
Ұрсып-ұрсып алатын
Ыза боп сол iсiме,
Нұқып менi өтетiн.
Сонда ғана күшiме
Күш қосылып кететiн.
Жанашыр сол iсiмнен
Болдым əбден «өлесi».
Осы бұзау үшiн мен
Көрiп жүрдiм «көресi».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу