31.05.2022
  63


Автор: Ескен Елубаев

НЕСIП

Келе жатқан кəдiмгi,
Несiп деймiн,
Балалардың даукесi
Өзi – «дөйдiң».
Шақырайған ыстықта
Етiк киiп,
Мазағына қалып жүр
Несiне елдiң?!
Сөйтсек оның мəнiсi,
басқада екен,
Лəңгi ойнапты баламен,
Асқар деген.


Қайта-қайта жеңiлiп,
кеше өзi,
«Малай» болып жүгiрген
қасқаң екен.
Несiп деген намыс жоқ,
бала ма едi,
Жаманатқа осылай,
қала ма ендi.
Өшiн алу үшiн ол
Сəске түспей,
Асқарды iздеп асығып,
барады ендi!
Етiк киiп алды ол
əдейiлеп,
«Лəңгi тепсең қонышы
əдемi», – деп.
Асқарды iздеп келедi
Шыдай алмай
Бүгiн қайтсе жеңбекке
дəмелi боп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу