31.05.2022
  111


Автор: Ескен Елубаев

ТЕҢIЗШI

Арманым бар ең iзгi,
Армандаумен келем мен.
Матрос болып теңiздi
Жүзсем кешiп кемемен.
Теңiз дейтiн күштiмен,
Алысуға жарасам.
Тау толқындар үстiнен,
Алыстарға қарасам.
Желбiреткен төбеге
Көкшiл туын елiмнiң.
Алып, алып кемелер –
Бөлшегiндей жерiмнiң.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу