31.05.2022
  537


Автор: Марат Нұрқалиев

«Байқамай қалам...»

Сыртында «невропотолог» деген айдары бар кабинетте ауру-сыр- қауларды қабылдап отырған дәрігер жігіт «келесі кім» деп аузын ашып- жұмғанша болған жоқ, есікті қақырата ашып, екі иығына екеу емес, тура төрт кісі мінгендей еңгезердей адам екі иінінен ентіге дем алып кірді. Ол аударыла-төңкеріле басып ортада тұрған орындыққа «оһ» деп отыра кетті де, қайнаған самауырдай бұрқ еткізіп бу шығарды.
Өмірінде мұндай таусоғарды көрмеген жас дәрігер, Памир шыңына көз салғандай біраз кідіріп қалды да, дереу есін жиып «жерге түсті»:
– Бұйымтайыңызды айта отырыңыз, отағасы, – деді қаламын оң- тайлап.
– Қалқам, албасты басып, атыңды тарс ұмытып отырғаным, әйтпесе өзіміздің қолда өскен баласың ғой. Әкең де жақсы кісі еді. Пәмит на- шар... – деді анау «Жетісу» фирмасында тігілген бәтеңкедей аузын сылп еткізіп.
– Мен бұл жердікі емеспін, ақсақал. Сондықтан сіз мені таны- майсыз.
– Апырай, айттым ғой алжасуға тақалдым деп. Сені біреумен шатас- тырыппын. Көрдің бе, пәмит нашар, пәмит... Не істеп, не қойғаныма есеп беруден қалып барамын. Әйтсе де «түсі игіден түңілме» деген...
– Қай жеріңіз ауырады?
– Ойе-бу, бізде тоқсан тоғыз ауру тоқайласып, мынау құлағы қал- қиған қара қазанды (басын ұрып) қайнатпайды ғой! Ал енді бұл дұрыс сілтемегеннен кейін басың былыққа батады екен. Міне, шаригі шайқалғанына тура бір жылдан асып барады...

Бәрін басынан бастап айтайыншы. Мәселенки, өзімнің май зауытының дыңдай директоры Майсөк Майшелпеков екенімді тарс есімнен шығарып, май тасушы Тайтақ екенмін деп қаламын да, кешкісін үйге қайтарымда портфелімнің орнына бір жәшік майды ұстап кететінімді шығардым. Масқара ғой, масқара! Ал енді оны келесі күні қайтып апарып жатудың өзі біртүрлі ұят. Сондай неудобно...
Ол – ол ма. Май өнімдерін сақтайтын қойманы жөндеуге бөлінген материалдарды қара басып, қала сыртындағы дачама апарттырып тастап- пын. Көрдің бе, пәмит дегенің прямо подлец болып тұр. Ұмытпасам осы- дан бір-екі ай бұрын есімнен мүлде жаңылғаным сонша, ай сайын алатын ақ адал ақшамның орнына қателесіп май айыратын құрал-жабдықтарды жаңартуға бөлінген қаржыны қалтама салып кеткенім бар емес пе. Прос- то ужас!
Бұл қайта ештеңе де емес, сорақының көкесі мында болып тұр ғой: өткен айда озат жұмысшыларға жергілікті комитет бөлген жолдама- мен Қырымға қара басып өзім кетіп қалғаныммен қоймай, үйдегі аюдай ақырған Аюбике жеңгеңнің орнына Еркетай деген еліктей хатшы қызды ертіп кеткенімді байқамай қалыппын! Енді соны жеңгең сезіп қалды да, жаңағы аурулы себепті байқамай істеп қойған қылықтарымның бәрін де қылмыс деп тізіп ап, ішкі істер бөліміне тапсырамын деп тулап кетті.
Міне, осының бәрі мына дімкәстіктің кесірі, түсінесің бе? Енді өзің былай азаматтық жасап, «кәлласында короткий замикания бар, пәмиті на- шар» деген тәрізді справка бере қойшы, айналып кетейін!..
Дәрігер бір тілдей қағазды қолына ұстатты. Мәз болған Майбек әлгі қағазды оқи келе, екі көзі тас төбесіне шығып алақтап сала берді.
– Оу, мынауың милицияның әдірісі ғой?..
– Сонда барыңыз. Бойыңыздағы сырқат атаулының бәрін сонда сой- май-ақ сылып тастайды. Бірер жылға «курортқа» жіберіп қалуы да ғажап емес!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу