👈 қаріп өлшемі 👉

  31.05.2022
  46


Автор: Марат Нұрқалиев

Оқиға шиеленісіп кетті

Айналдырған қырық-елу түтінді ауылда бәрі де алақандағыдай көзге бірден шалынады ғой. Жұрт топырлаған жерге Дұлу да жетіп жы- ғылды.


Есік ашылғанда, самогон ашытқысының жүрек айнытар өткір иісі кіргендердің кеңсіріктерін кесіп түскендей болды. Дәлізде керзі етіктің екі сыңары екі жаққа қарап, танаулары таңқиып жатыр екен. Бір сұмдықтың ұштығын сезген Мешін көзі жыпылықтап, Дұлуға қарай берді. Ішкі бөлмеде босаған шөлмектерден аяқ алып жүргісіз. Төр жақтағы жалпақ кереуетте Тәйтік пен Марфа құшақтасқан күйі қаннен-қаперсіз қорылға басып жатыр...


Аузынан «ақ ит, көк итті» қоса босатып қоя берген Дұлу туған күйеуін талма тұстан бір сылқитты да, Марфаны шаштан ала түсті. Ұйқылы-ояу ана байғұсты шайнап тастауға айналған соң, жұрт Дұ- луды дарылдатып далаға сүйреді. Есін еміс-еміс жия бастаған Тәйтік мастығы әлі тарқамай, ыржың-ыржың етіп, сүметіліп, сыртқа шықты. Екі етікті екі қолына іле кеткен Дұлу ашу-ызасы кенересінен асып төгіліп, ауылдың арғы басындағы үйлеріне жеткенше жартылай жа- лаңаш, жалаңбас һәм жалаңаяқ Тәйтікті қолындағысымен төпеп бара- ды. Сынған машина тұрған жерден Марфаның есігіне дейін құмға түсіп келген керзі етіктің мөрі енді Тәкеңнің тұла бойына басыла бас- тады... Алдарынан алты бірдей қарадомалақ «алақай, папамыз табыл- ды!» деп жүгіре шығып еді, шешелерінің әкелерінің әкесін танытып келе жатқанын көріп, үрпиісіп тұрып қалды...


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы