31.05.2022
  86


Автор: Марат Нұрқалиев

Инспектор дағдарып қалды

Жолай Мешін барлығын да рет-ретімен ойластырып алуды жөн көрді. «Тәк, жасы 45-тер шамасында, бойы тапалтақ, шашы сымтемірдей қатты. Оң жақ білегінде «Не забуду мать родную!» деген жазуы бар. Аты – Тәйтік... жоқ, паспорты бойынша олай емес...». Тәйтіктің шын аты-жөнін есіне түсіре алмай қор болды...
...Су таситын автомашина ауылдан көп ұзамапты, бес-алты шақырым жердегі қоғалы сайдың табанында танауын желге беріп тұр екен. Мешін оның жан-жағын, асты-үстін мұқият қарап шықты. Капотын ашып, мо- торына үңілді. Двигательдің қаптамасы қақырап кетіпті. Сонда Тәйтік гараждағы шеберханаға қайтып оралмай, айдалаға лағып бергені қалай?.. Із кесетін ит жоқ. Енді қайдан іздемек?.. Мешін шырт түкіріп, не де болса Ащысайға барып қайтуға бел буды.
Екі күннен бері терлеп-тепшіп шай ішпей, қабағынан қар жауып отырған Айбас ақсақал милиционер жігітті ашулы қарсы алды. «Тәйтікті көрсек, көзіміз шықсын, қолымызға түссе, тірідей жеп қояр едік!» деді тістеніп. Сонда оны, бәтір-ау, аждаһа жұтты ма, Жақын маңда басқа ел жоқ...


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу