Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  94


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Бедел жию

Бедел жиды – қылмыстыны ақтаумен,
Тентектіктің шаужайынан қақпаумен,
«Төменгі іске» араласып жатпаумен,
Бақа есеппен басшыларын мақтаумен.
Бедел жиды – «сарбаз» деген, «кең» деген,
Бір де бір іс талап етпей өңгеден,
Жалт-жұлт етіп мінбелерде сөйлеген,
«Барлығын да тындырушы – мен» деген.
Бедел жиды – тас мүсіндей «серілік»,
Жалғыз сөзге жауап қатпай керіліп,
Міндет алғыш, ұрандағыш еліріп,
Жиындарда белсенді боп көрініп.
Пəтуасыз ісінің жоқ жүйесі,
Өзгелерге жұқпай қоймас күйесі,
Анаған да, мынаған да килігіп,
Əзір астың боп шығады иесі.
Шырқырауық сөзі басқа ісінен,
Жылтырауық, сырты басқа ішінен,
Жиып терген «беделінің» күшімен,
«Жансақтап жүр»...
Түсінем ғой, түсінем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу