Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  101


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Өкпелісің неге сен?

Өмірде қайғы жұтып, күрсінбеген,
Пенде боп жұмыр жерде дүрсінбеген,
Сенің пəк жүрегіңде гүл тербеліп,
Көңліңе құс қонақтап жүрсін деп ем.
Бал қантын балалықтың бөліп жейтін,
Шіркін-ай, бүтін ек қой бөлінбейтін.
Мені құшқан құшақ та сені аймалап,
Біздерді еркелетіп «төлім» дейтін.
Амал не кеш сезіндім, ұғынбадым,
Көңілің неге ғана суынғанын,
Жайқалған дос шыңында қос шынар ек,
Осы ма дауыл тұрмай жығылғаның?!
О, досым, махаббатым, жыр-өлеңім,
Мен саған не бақытты тілемедім,
Сен мені жырақ барсаң білер едің,
Кеудемді бір ақтарсаң білер едің,
Мен саған не бақытты тілемедім!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу