Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  100


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Қимас шақтар алыстап

Қиқулап бəйге шапқан күндерім-ай,
Қия алмай əлі күнге жүргенім-ай,
Құйрық, жалы сүзілген жүйріктердей,
Құйғытып өтеріңді білмедім-ай.
Қадіріңді білмесем кеш, бала күн,
Теңгермеймін өмірдің еш парағын,
Еске аламын би залын жалтылдаған,
Бойжеткенді ақ көйлек еске аламын.
Көңіл шіркін əлі де баяғыдай,
Көнбеген уақыттың қаяуына.
Жастықтың бəйгесінен дəметесің,
Сүйеніп тұрсаңдағы таяғыңа.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу