Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  199


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ақиық жыр

(Ақтан Бабиұлы аруағына)
Туса да неше алуан ағылып жыр,
Бəрі де тек өзіңе табынып жүр.
Алдыңа кеп басымды мен де иемін,
Ассалаумағалейкүм, ақиық жыр!
Жақтырмас «Жасыл шыңдар» аласаны,
Биікпен қыран «Бүркіт» таласады.
Халқыңның мерейі боп отырсың сен,
Төрінде өлең - жырдың, қара шалым!
Келесің əлі күнге дара шауып,
Тойлаймыз бес жыл, он жыл ара салып.
Тойлаттыру - саған да жарасады,
Тойлап тұру - бізге де жарасады.
Қос шалғың ақиықтың қанатындай,
Қомданса жыр түлкісін алатындай.
Ішегін домбыраңның қозғап қалса,
Сау етіп бір дүлдүл жыр ағатындай.
Көтеріп қара нардай ғасыр сынын,
Ашылар жыл - жыл сайын асыл сыры.
Жұлдыздай алдымызда бағыт сілтеп,
Тұра бер, «Поэзия – Жасыл шыңы!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу