Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  112


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Тас адам

Ассалаумағалейкүм, Тас адам!
Бұл күнге де жеткенің бе бас аман.
Қолда-көзе, қасқа қылыш беліңде,
Қандай адам қашаған, кім жасаған.
Келе жатқан ескі көзсің бір асыл,
Қай ғасырдан,
Кімнен қалған мұрасың?
Сақшысындай байырғы Ата мекеннің,
Қас қақпастан тікеңнен тік тұрасың,
Жылы ұшырап тұрасың!
Кезігесің батыстан да шығыстан,
Сарбаз едің қалған қайсы Ұлыстан?
Сен тұрғанда шебіңе жау баспайды,
Сескенгендей жаныңдағы қылыштан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу