Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  75


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Арасанды сатпайды

Арасанды айналдырмақ базарға,
Ниетіңе шыдап тұрмын азарға.
«Бес сом»-дейсің қожа шөптің əр талын,
Бүлк етпестен бүйрек бетің сазарған.
Қарағым-ау, бұлайша «мал таппайды»,
Тиын тілер аулақ болсын жат қайғы!
Ақ бөрікті ару ғой бұл - қожа шөп,
Аруларды сатпайды!
Арасанды айналдырдың базарға,
Тілдей жаздап, шыдап тұрмын азарға.
«Бес сом»- дейсің құны бір түп аршаның,
Бүлк етпестен бүйрек бетің сазарған.
Қарағым-ай, осы саудаң жақпайды,
Қылығыңды қандай пенде ақтайды?!
Бұл өлкенің аршасы да - арасан,
Арасанды сатпайды!
Тозғындатып табиғатты тонама!
Тонап тапқан дəулет бойға қона ма?
Күллі арасан - қазынасы халықтың,
Суық қолмен сұғынғаның бола ма,


Жолама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу