Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  118


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Арасан

Төскейінде тасқын атып тезірек,
Саумал бұлақ саусылдайды еңіреп.
Сол иығы-шалқайыңқы Шегіртай,
Оң иығы-төңкерілген Төңірек
Аспанынан қара сазы кеңірек,
Асқарынан дара саны кемірек.
Бастарынан бастау алған еңіреп,
Тастарынан арасаны көбірек,
Тамсандырар тұнып тұрған өң-рет!
Мал мен аңы жамырасқан күй-тауы,
Сары жайлау бұта-бүрген, құйқалы.
Арша, жалбыз, қожа шөбі ем дəрі,
Ең аяғы қойтасы да шипалы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу