Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  93


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Байтақ өлке

Келбетіңе нұр қонғандай Делуін,
Жер бетіне жыр болғандай Делуін.
Қозы қуған Ікей батыр төсінен,
Ерлер туған Ұлболғандай Делуін.
Бақыт елім, жыр елім,
Сенде жаным, жүрегім.
Қай қиырда болсам да,
Өзіңді аңсап жүремін.
Айналайын Көксеркеңнен көлбеген,
Қойнауларың қол бұлғайды кел деген.
Қос қанатың бұлықсыған қос өзен,
Дəл өзіңдей ару өлке көрмегем!
Қазба байлық, көмірлі,
Шабындықты, егінді.
Арасаның атқылап,
Сай-салаңнан төгілді.
Мыңғырылған қызыл қойлы мекенім,
Қыр-қырынан өрген құлжа, текелім.
Саған қандай жер жаннаты жетеді,
Сенен ұқтым ұжымақтың не екенін!
Байлық тола байтағым,
Бесігімді шайқадың.
Ұрпағыңмын сенің деп,
Мақтанышпен айтамын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу