Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  145


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Тасы, Бұлғын!

Айдыныңды ақ жалды көзім көрді!
Сыздатып кет суалған сезімдерді!
Ақ тасысын, иісін жер емшегі,
Тасы, Бұлғын: таситын кезің келді.
Толтырып кет көлімді шарасына,
Толықсысын қыры - мал, даласы - дəн.
Тасып, тасып арнаңа түсерсің бір,
Ешкім де асып кетпейді сабасынан




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу