Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  118


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Шаңырақтан үзігіп

Шаңырақтан үзігіп,
Нұр сəулесін төкті Күн.
Көк жайлаудан сызылып,
Көтерілді көк түтін.
Ақтөс сүйек аңдиды,
Жерошақтың қасында.
Жирен сəурік қалғиды,
Желібаудың басында.
Күмбез үйдің таудағы,
Күрпілдейді сабасы.
Іркілдейді бағланы,
Бүлкілдейді жорғасы.
Бастап бір жыр - гөйгөйді,
Көкірекке қондыра,
Күмбір – күмбір сөйлейді,
Домбыра – домбыра – домбыра!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу