Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  113


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Абзал ағам Малғаждарұлы Қабдолланың қазасына

Əйетай таянышым, жыр бағым-ай,
Келмеске көшіңді ерте бұрғаның-ай.
Төрдегі төрт бүктеліп отыратын,
Орныңның үңірейіп тұрғанын-ай.
«Қырық жыл қырғында» аман келгенің-ай,
Жапонды жағадан ап жеңгенің-ай.
Елеусіз ғұмыр кешкен, қайран сабаз,
Секілді таңғы жұлдыз сөнгенің-ай!
Бар еді өмірде алар мол сыбағаң,
Кейінгі ұрпақтарың болсын аман.
«Жас өсіп, жарлы байыр», сондадағы,
Орныңды Əйе, қалай толтыра алам!
Бір жүрер күн жоқ бағзы шақтағыдай,
Телміртпе балаларды жатқа, Құдай.
Ауылда шұлауышты үшеу қалды,
Пана тұтар соларды сақта, Құдай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу