Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  103


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Ана тілден жүректер от алуда...

Ана тілден жүректер от алуда,
Мұрасы өшіп, батпасын Ата мұңға.
Тілін сатқан сатқындық, опасыздық,
Сатар оңай халқын да, Отанын да!
Ана тілмен игеріп қаншама өнер,
Сол тілменен рухым шапақ төгер.
Ұлт тілімді құрметте ең алдымен,
Мені Ел деп елейтін болсаң егер!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу