Өлеңдер ✍️

  31.05.2022
  110


Автор: Кәкей Жаңжұңұлы

Көңілімде бір шапақ төкті жарық

Көңілімде бір шапақ төкті жарық,
Бір бəйшешек келеді көкті жарып.
Үміт пенен күдікті жарыстырған,
Ызғар əлі қайтқан жоқ бетті қарып.
Өзімді-өзім азғырам иландырып,
Əдіре қал, күйкі өмір, жиған мүлік.
Сен жанарсың жасыған жігерімді,
Тəубе етерім, тəңірім - Имандылық!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу